04 наурыз 2014 11:17

Шекарада есірткі тасымалдаушы ресейлік азамат ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Вnews.kz Фото Вnews.kz

Қазақстан мен Ресей шекарасында үш килограмға жуық героинды жасырын алып өтпек болған азамат ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Солтүстік" өңірлік шекара басқармасына қарасты "Ауыл" (автомобильді) шекаралық-бақылау бөлімшесінің бақылаушылары ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып кешенді жедел-іздестіру шараларын өткізу кезінде Қазақстаннан Ресей Федерациясына есірткілік зат өткізбек болған 61 жастағы ресейлік азаматты қолға түсірді. Жан-жақты ойластырылып, кәсіби тұрғыда пысықталған іс-қимылдың нәтижесінде "Дея" атты иттің көмегімен Семей қаласынан Ресейдің Рубцовск қаласына кетіп бара жатқан "БМВ" автокөлігін тексеру кезінде 2 килограмм 800 грамм героин табылды. "Ресейлік азамат есірткіні көліктің жанармай багына жасырған. Ұнтақтың түсіне ұқсайтын есірткілік зат 7 пластикалық шағын құтыға салынған. Қазір аталған іске қатысты іс қозғалуда", - делінген ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети