Шенеунік қызын Назарбаев университетіне түсіру үшін "пара берген"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шенеунік қызын Назарбаев университетіне түсіру үшін "пара берген"

Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмат Ермағамбетов қызын Назарбаев университетіне түсіру үшін 20 мың доллар ақша бергенін полицияға айтып берді, - деп хабарлайды "Диапазон".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмат Ермағамбетов қызын Назарбаев университетіне түсіру үшін 20 мың доллар ақша бергенін полицияға айтып берді, - деп хабарлайды "Диапазон".

Қазіргі уақытта ол аса ірі көлемде жасалған алаяқтық іс бойынша жәбірленуші. Осы бап бойынша 39 жастағы Ботагөз Биекенованың соты өтіп жатыр.

Полиция Алмат Ермағамбетовтен жауап кезінде ол биыл ақпан айында үлкен қызын Назарбаев университетіне, ал ортаншы қызын Ақтөбедегі Назарбаев мектебіне түсіріп беру туралы таныс әйелден ұсыныс түскенін айтып берді. Әйел шенеунікке НЗМ директорын танитынын, ал ЖОО проректоры оның ағасы екенін айтқан делінеді. Ал өзі емтихан қабылдайтын комиссияның құрамында екенін айтып уәде берген. Сондықтан ол әйелге сеніп, өз әйелінің көзінде 20 мың долларын бергенін айтқан. Шенеунік Биекеновадан қолхат та алмаған.

Биекенова болса Ерамағамбетовтан бір тиын да алмадым деп отыр. Ал шенеунік бердім дейді. 

"Диапазон" басылымы өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, шенеуніктің қызы оқу орнына түсе алмағаннан кейін органдарға хабар бергенін хабарлады.

Ал ІІД өкілдері 39 жастағы Ботагөз Биекенованың ұсталғанын хабарлады. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталып отыр екен. Сондай-ақ, ІІД бұл азаматшаның алаяқтық ісінен зәбір көргендерді де іздеп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети