"Шенеуніктер көз жұма қараған". Қазақстандағы жолдар құрылысына қатысты 23 қылмыстық іс қозғалған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Жол салу барысында ондаған миллиард теңге ұрланған. Прокуратура 23 қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жол салу барысында ондаған миллиард теңге ұрланған. Прокуратура 23 қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствода әртүрлі схемаларды ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарланды, ол үшін қадағалау органы "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ-да, Автомобиль жолдары комитетінде және жергілікті әкімдіктерде тиісті тексерулер жүргізеді.

"Бұл жұмыс жемісін беріп жатқаны сөзсіз. Жол құрылысы кезінде 43,4 миллиард теңге ұрланған, ол түгелдей дерлік "ҚазГерСтрой" ЖШС қалтасына түскен. Сонымен қатар, сегіз жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бөлінген қаражатты тиімсіз пайдалану деректері анықталды. Әңгіме 600 миллион теңге туралы болып отыр", - деді Бас прокуратура өкілдері.

Ресми деректерге сүйенсек, бес орта және ағымдағы жөндеу нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы жасау кезінде шенеуніктер бағалау құн сомасын екі миллиард теңгеден аса арттырған.

"Бюджет ақшасын жымқыру үшін мердігерлер құрылыс материалдарына 70 жалған сертификат пайдаланған, он жағдайда стандартқа сәйкес келмейтін материалдар пайдаланылған. Тексеру барысында мердігерлердің орындалмаған шарттық міндеттемелер мен өсімпұлдар бойынша қарыздарына шенеуніктер көз жұма қарағаны белгілі болды. Нәтижесінде мердігерлердің шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін өтелмеген дебиторлық берешегі 6,8 миллиард теңге, ал өсімпұл сомасы 636 миллион теңге болған", - деді Бас прокуратура өкілдері.

Прокуратурада алым жинау жүйесін енгізу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы да сұрақтар көтерілді.

"Олар жеткізуші - Computer Vision Technologies ЖШС қызметтерінің бағасы үш есе артып, 138,8 миллиард теңге болуымен байланысты болды. Қазіргі уақытта қаражатты иемдену мен ысырап етудің, сондай-ақ лауазымдық өкілетті теріс пайдаланудың барлық дерегі бойынша (осының барлығынан залал 45 миллиард теңгеден асады) 23 қылмыстық іс қозғалды. Бұдан әрі тергеумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен финмониторинг агенттігі айналысады", - деп хабарлады Бас прокуратура.

Ресми ақпаратқа сәйкес, прокурорлар 24 миллиард теңге болатын бюджет шығынының алдын алып, 17,3 миллиард теңге болатын заңсыз тендерлердің нәтижелерін жойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro