Шетелге заңсыз шығарылған активтер: 56 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелге заңсыз шығарылған активтер: 56 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Үкімет басшысының баспасөз қызметі Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстарының аралық нәтижесі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет басшысының баспасөз қызметі Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстарының аралық нәтижесі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министрдің баспасөз қызметі ақпанда Үкімет шетелден елге капиталды қайтаруды ынталандыру тетіктерін әзірлеу жөніндегі комиссия құрғанын еске салды.

"2019, 2020 және 2021 жылдардағы қаражаттың шығуына талдау жүргізілді. Салық органдарының жұмыс нәтижелері ҚМА-ға берілді. 56 тұлғаға қатысты 440 миллиард теңгеге жуық қаражатты шығару фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 12 миллиард теңгеге қосымша салықтар есептелді, салық бойынша 29 тексеру жүргізіліп жатыр. 271 миллиард теңгенің операциялары қарастырылып жатыр", - делінген хабарламада.

Комиссия жұмысы шеңберінде заңдарға түзетулер әзірленген.

"Елге капиталды қайтаруды ынталандыру мақсатында валюталық түсімдердің 80 пайызын айырбастау шартымен қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларын оңайлатылған қайтару қарастырылған. Мемлекеттік кірістер органдарына валюталық бақылау функцияларын беру мәселелері пысықталып жатыр", - деп қорытындылады Үкімет өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети