Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданының әкімі Алтайбек Сейітовтің өлімі дерегі бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"14 шілдеде Күршім аудандық ішкі істер бөліміне аудан әкімі Сейітовтің мәйітінің табылғаны жайлы мәлімет түсті. Осы дерек бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиға орнында ШҚО ІІД жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - делінген ІІД хабарламасында.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, болған оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Еске салайық, бүгін, 14 шілдеде өлі күйінде табылған әкімнің денесінде зорлық белгілерінің бар екендігі жайлы хабарланған болатын.