06 ақпан 2020 15:46

ШҚО-да 4 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға аударған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстан және Павлодар облысында ақшаны заңсыз қолма қол ақшаға айналдырған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Экономикалық даму департаментіне сілтеме жасап. 


Шығыс Қазақстан және Павлодар облысында ақшаны заңсыз қолма қол ақшаға айналдырған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Экономикалық даму департаментіне сілтеме жасап. 

Іс жүзінде қызмет етпеген қылмыстық топ жалған есеп фактураларын заңсыз беругемен айналысқан. Топ ұйымдастырушылары 2018-2020 жылдар аралығында тоғыз мекеме құрған. Қылмыстық топтың бақылауындағы кәсіпорындар қызметінің жалпы айналымы төрт миллиард теңгеден аса болған. 

"Кәсіпорындарды және сотталушылардың тұрғылықты жерін тексеру нәтижесі бойынша, есепке алу құжаттары, мөр, компьютерлер мен криптографиялық кілттер, чек кітапшалары және тоғыз миллион теңге ақша анықталды. 

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері қамауға алынды. Бүгінде ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабының 1-бөлігі, 216-баптың 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Айта кетейік, бұл 2020 жылдың басынан дәл осындай іспен айналысқан екінші ұйымдасқан қылмыстық топ", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети