08 сәуір 2021 | 12:53

ШҚО-да 5 тонна балық заңсыз ауланған: шығын 14 миллион теңгеден асады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

ШҚО-да жыл басынан бері полицейлер браконьерлерден бес тоннадан аса заңсыз ауланған балықты тәркіледі. Жалпы шығын сомасы 14 миллион теңгеден асады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ШҚО-да жыл басынан бері полицейлер браконьерлерден бес тоннадан аса заңсыз ауланған балықты тәркіледі. Жалпы шығын сомасы 14 миллион теңгеден асады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Табиғат қорғау полициясы қызметкерлері соңғы рет Тассай ауылының 35 жастағы тұрғынын ұстаған. Ер адам Зайсан көлінің жағасында заңсыз балық аулап жүрген.

"Көлігінен балық аулауға арналған құралдар мен 150 келі әртүрлі тұқымдағы (шортан, табан, көксерке) балық тәркіленді. Ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі "Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілі.

Табиғатты қорғау полициясы мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 237 факт тіркелген. Жалпы алғанда бес тоннадан аса балық тәркіленді.

"Қазіргі уақытта заңсыз балық аулағаны үшін жеті факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. 230-дан аса балықшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шығын сомасы 14 миллион теңгеден асады", - деді полиция қызметкері.

Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, тәркіленген балық арнайы қабылдау пунктіне тапсырылады, ал сатудан түскен табыс мемлекет қазынасына аударылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети