Полицейлер Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян ауданында жоғалып кеткен 8 жастағы қыздың өлімі бойынша күдіктіні қамауға сот санкция берді. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 99 және 121 ("Екi немесе одан көп адамды өлтіру" және "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") баптары бойынша айып тағылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Санкцияны Зырян аудандық соты 14 қарашада берді", - деді ШҚО облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер, күдікті Зыряновта 10 қарашада іс-түссіз жоғалып кеткен 8 жастағы Виктория Тойкеневаны және қыркүйекте жоғалған 17 жастағы Ксения Сидоринаны өлтіргенін мойындаған. Алайда екінші жағдайға байланысты оның куәлік етуі (Қылмыстың болған уақыты, киімі, айрықша белгілері) негізгі нұсқамен ұйқаспайды.
"Сонымен қатар ер адам Ксенияның мәйітін тастап кеткен жерді көрсеткен, және осы жерден белгісіз адамның мүшесі табылған. Ендігі кезекте арнайы сараптама оның кім екенін анықтайтын болады, алайда бұл ұзаққа созылады, себебі қалдықтар қатты бүлінген", - деді ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.