ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қаңтар 2020 | 11:15
ШҚО-да ақталып шыққан басқарма басшысына қатысты қылмыстық іс қайта қаралды
Шығыс Қазақстан облысының ТҮКШ және энергетика басқармасы басшысына қатысты үкім қайта қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шығыс Қазақстан облысының ТҮКШ және энергетика басқармасы басшысына қатысты үкім қайта қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
Биыл 24 қаңтарда Шығыс Қазақстан облыстық сотының аппеляциялық сот алқасының қаулысымен "Шығыс Қазақстан облысының ТҮКШ және энергетика басқармасы" ММ басшысы М.Х.Мұсатаевқа қатысты шыққан ақтау үкімінің күші жойылды.
"Ол ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік органдарда лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыру және мемлекеттік награда - "Құрмет" орденінен айыру туралы енгізілген ұсыныспен бірге, 40 миллион теңге көлемінде айыппұлмен жазаланды", - делінген хабарламада.
Осыған дейін, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен М.Х.Мұсатаев азаматтан өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурстарының жеңімпазы ретінде ЖШС-ны тану мәселесін оң шешіп бердім деп жаңылыстырып, 4 миллион теңге көлемінде ақшалай қаражатты алдау жолымен иемденді деген күдікке ілінген болатын.
Показать комментарии
Читайте также