20 қыркүйек 2022 12:09

ШҚО-да арнайы жасақтан қашқан ер адам ақшаны жан-жаққа шашып кеткен

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:polisia.kz Фото:polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында ер адам 20 жастағы тұрғынан жарты миллион теңге бопсалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысында ер адам 20 жастағы тұрғынан жарты миллион теңге бопсалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

20 жастағы жәбірленушінің айтуынша, Березовка ауылының тұрғыны күшінің басымдығын пайдаланып, одан 500 000 теңге талап еткен. Күдіктіні ұстау үшін полицейлер Өскеменде операция ұйымдастырып, оған арнайы жасақ жұмылдырылған. 

"Күдікті тәртіп сақшыларынан жасырынып, жол бойында заттай дәлелдемелерден құтылмақ болған. Қаскүнем кінәсін мойындап, одан заңсыз әрекеттерін растайтын ақша қаражаты тәркіленді", - делінген хабарламада.

"Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Оның әрекеті 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны көздейтін бопсалау бойынша сараланады", - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Алмаз Төкенов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети