01 сәуір 2021 | 11:30

ШҚО-да әйел киімін киген ер адам шағын несие ұйымын тонап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында әйел киімін киген ер адам шағын несие беретін кеңсені тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық Полиция департаментіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысында әйел киімін киген ер адам шағын несие беретін кеңсені тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі оқиғаның 21 наурызда Риддерде болғанын хабарлады. Сағат 11.30 шамасында кезекші бөлімге қала тұрғынынан қоңырау түскен. Ол шағын несие беретін ұйымдардың бірінің кеңсесін тонап кеткенін жеткізген. Сонымен қатар, жәбірленуші күдікті қомақты ақша ұрлап кеткенін және оның әйел екенін хабарлаған.

"Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы, сондай-ақ криминалдық полиция қызметкерлері жіберілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаскүнемнің жақын маңдағы тұрғын үй ауласына жасырынғанын байқаған. Күдікті әйел бір сағат ішінде ұсталды. Ол бұрын ауыр қылмысы үшін сотталған 45 жастағы ер адам екені анықталды", - деп хабарлады ПД өкілдері.

Күдікті кеңсені тонауды ұзақ уақыт жоспарлап жүрген. Ол Риддердегі базарлардың бірінде орналасқан. 

"Ер адам әйелдердің сырт киімін, өкшесі бар ақ етік киіп, жасанды шаш тағып, бет-әлпетін медициналық маскамен жасырған. Кеңсеге қару тәрізді затпен кірген. Менеджерді қорқытып, қомақты қаржыны алып кеткен", - деп толықтырды полиция қызметкері.

Қазіргі уақытта анықталған факт бойынша ҚК-ның 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети