ШҚО-да айналымы 200 миллион теңге қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да айналымы 200 миллион теңге қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды Фото: elements.envato.com

Шығыс Қазақстан облысында айналымы 200 миллион теңгеден асатын "Денежный поток" қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында айналымы 200 миллион теңгеден асатын "Денежный поток" қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті айналымы 200 миллион теңгеден асатын "Денежный поток" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Оны ұйымдастырушылар екі ай ішінде жарна сомасының 25 пайызы мөлшерінде апта сайын пайда табуға уәде берген. Бұл ретте салымшылар ресми шарт жасамады, ал ақша аударымдары ұйымдастырушылар шотына жіберілген", - деді Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі өкілі.

Қаржы пирамидасының құрбандары 370-тен аса адам болды, олардың 43-і ғана сотқа жүгінген.

Қаржы жүйесін ұйымдастырушылар сотқа тартылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл ретте ведомство қаржы пирамидалары - бұл қылмыстық жазаға тартылатын инвестиция схемалары (ҚР ҚК 217-бабы), бұл ретте салымшылар кірісті тек жаңа қатысушылар жарнасы есебінен алады деп түсіндірді. Ақша құю тоқтағанда төлемдер де тоқтайды, ал қатысушылардың көбі қаражатсыз қалады. Табысты алатын жалғыз адам - заңсыз "бизнесті" ұйымдастырушы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети