ШҚО-да былтыр жоғалған ер адам өлі табылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да былтыр жоғалған ер адам өлі табылды © elements.envato.com

Шығыс Қазақстан облысында былтыр күзде жоғалып кеткен ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды yk-news.kz.


Шығыс Қазақстан облысында былтыр күзде жоғалып кеткен ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды yk-news.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 38 жастағы Евгений Беспалов 2021 жылдың 27 қазанында Декаротивная көшесіндегі үйінен белгісіз бағытта шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен. Көп ұзамай полицияға оның әйелі хабарласқан.

"Осы уақыт бойы криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. 2022 жылдың 30 сәуірінде Ертіс өзенінен 500 метр қашықтықтағы Бейбітшілік аралынан жоғалған азаматтың денесі табылды. Әйел өзінің күйеуін таныды", - деп хабарлады ШҚО ПД.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп, өлімінің мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети