ШҚО-да дәрігерлерге арналған "коронавирустық" үстемеақы ұрланған

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да дәрігерлерге арналған "коронавирустық" үстемеақы ұрланған

Шығыс Қазақстан облысында медицина қызметкерлеріне арналған үстемеақы Шар аудандық ауруханасында ұрланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында медицина қызметкерлеріне арналған үстемеақы Шар аудандық ауруханасында ұрланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері айтты. Ведомство басшысы Ерлан Жалмағамбетовтің сөзінше, бұл дәрігерлердің жалақысына негізсіз үстемеақы төлеу арқылы жасалған. 

"Соталды тергеу барысында коронавируспен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін аурухана қызметкерлерінің жалақысына жалпы 1,5 миллион теңгеден аса негізсіз үстемеақы есептелгені анықталды. "Шар қалалық ауруханасы" ШЖҚ КМК лауазымды тұлғаларына қатысты бюджеттік қаражатты жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Ерлан Жалмағамбетов. 

Одан бөлек, Жалмағамбетовтің сөзінше, бұл медициналық мекемедегі алғашқы жағдай емес. 

"Сондай-ақ, бұл аурухананың лауазымды тұлғалары жұмысқа орналастыру туралы заңсыз бұйрықтардың негізінде мемлекетке келтірілген залал 1 миллион теңгеден асатын жалақыны негізсіз есептеген", - деді Ерлан Жалмағамбет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети