Зырянның 55 жастағы тұрғынына әйелі көңілдесі бар екенін айтқан. Мұны естіген күйеуі оны пышақтап тастаған. ШҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ер адам тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Ерлі-зайыптының қонақта болып, ішімдік ішкені анықталған. Түн батқанда олар үйге бет алған. Алайда әйелі орта жолда айнып қалып, үйге қайтудан бас тартқан. Ер адам оны көндірмекші болған, осы арада жанжал шыққан.
Жанжал кезінде әйел басқа адамды сүйіп қалғанын мәлімдеген. Ер адам осыдан кейін қалтасынан пышақ алып шығып, оны екі рет кеуде тұсынан пышақтаған. Әйел оқиға орнында қаза тапқан. Күйеуі болса үйге барып, ұйықтап қалған.
Таңға жуық әйелдің мәйітін көргендер полицияны шақыртқан. Полицейлер тез арада әйелдің кім екенін анықтап, күйеуін іздеп тапқан. Ер адам бірден қылмысын мойындапты.
Ал сотта айыпталушы әйелін өлтіргісі келмегенін, алайда "ақыл-есінен адасқанын" айтқан. Сот залында куәгерлер олардың арасында жанжал жиі шығатынын, ішімдік ішетінін, мастықпен тіпті төбелескендерін де айтып берген. Сот осы мән-жайды анықтай отырып, ер адамды тоғыз жылға бас бостандығынан айырған. Үкім әзірше күшіне енбеді.