ШҚО-да ер адам он екі жастағы қызды зорлап кеткен

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да ер адам он екі жастағы қызды зорлап кеткен

Шығыс Қазақстан облысында 12 жастағы қызды зорлады деген дерек бойынша соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында 12 жастағы қызды зорлады деген дерек бойынша соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

12 қарашада Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылында болды делінген оқиғаны осы елді мекеннің тұрғындары хабарлаған. Тұрғындар "НеМолчиKZ" қоғамдық қорына хат жазған. Хатта қыз ішімдікке салынған әкесімен бірге тұратыны, ал анасы қайтыс болғаны жазылған.

"Қыз әкесімен тұрады. Әкесі үнемі мас, үйіне неше түрлі еркектерді алып келеді, ешкім тексермейді. Қамқоршылық органдары мен әкімдік хабардар, бірақ ештеңе істемейді. Қыз өте ақылды, тәрбиелі. Оны үш күн бұрын 30 жастағы ер адам зорлап, ештеңе болмағандай бостандықта жүр. Баланың өмірін құртты", - деп жазады ауыл тұрғындары.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл оқиғаны ауыл түгел біледі, оның ішінде мектеп мұғалімдері мен полиция қызметкерлері де бар.

"Қызды Алматыға жібергісі келеді, оқиға туралы ешкім ештеңе білмегенін қалайды, өйткені жоғары жақтан ешкім бұған жауапты болғысы келмейді. Осы хабарды таратуға, жариялауға көмектесулеріңізді сұраймыз. Педофил өз ісіне жауап берсін, өйткені, ол бір күні тағы біреуді зорлайды", - дейді Тұғыл ауылының тұрғындары.

Сондай-ақ, олар зардап шеккен қыздың әкесі қызының жәрдемақысына өмір сүріп жатқанын, ауыл тұрғындарының көбі отбасына азық-түлікпен көмектесіп жүретінін айтады.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

"Биыл 12 қарашада Тарбағатай аудандық полиция бөлімі соталды тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - деп түсіндірді ШҚО ДП баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети