ШҚО-да жетім балаларға арналған мектеп-интернат директоры 12 миллион теңге жымқырған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да жетім балаларға арналған мектеп-интернат директоры 12 миллион теңге жымқырған Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

ШҚО-да 12 миллион теңге бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша жетім балаларға арналған мектеп-интернатының директорына қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да 12 миллион теңге бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша жетім балаларға арналған мектеп-интернатының директорына қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігі мәліметіне сілтеме жасап.

"А.Базарханова 2013-2019 жылдар аралығында емдік дене шынықтыруға бөлінген ақша қаражатын ұрлап, сабақ өткізбестен, оқу сағаттарын жүргізгені үшін ақы алып отырған.

Бұдан басқа, Базарханова интернат қызметкерлеріне қосымша жұмыс істегендері үшін ақы аударып отырған, кейіннен олар ол ақшаларды есеп шоттарынан шешіп, Базархановаға қайтарып беріп отырған. Шын мәнінде, қызметкерлер қосымша жұмыс атқармаған", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Базарханова өзінің танысына қарызды қайтару мақсатында оның жұбайын жұмысқа алып, 729 мың теңге еңбекақы төлеп, бюджет қаражатын талан-таражға салған.

"Облыстық соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасы Базархановаға өз кінәсін мойындап, шығынды толықтай қайтарғанын, жасөспірім баласының бар екенін ескере отырып, 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети