24 тамыз 2021 | 13:40

ШҚО-да кәмілетке толмаған балалары бар әйел есірткі сатумен айналысқан

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткі айналымына жол бермеу жөніндегі арнайы операция кезінде кәмілетке толмаған балалары бола тұра есірткі сатумен айналысқан әйелді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткі айналымына жол бермеу жөніндегі арнайы операция кезінде кәмілетке толмаған балалары бола тұра есірткі сатумен айналысқан әйелді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

18 және 25 жас аралығындағы бірнеше әйел Өскеменде жалдамалы пәтерлерде тұрып, психотроптық заттарды сатумен айналысқан. Әйелдер Петропавл қаласының тумасы. Олар есірткіні Telegram-арнасы арқылы сатқан. Олардың бірі - кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана.

"Әйелдің 8 және 6 жастағы екі баласы бар. Ол биыл маусымда заңсыз қызметін жолға қою үшін қалаға келген. Біраз уақыттан кейін оның әпкесі келіп, осы схемаға қосылған. Тінту барысында 700 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді, яғни 2000-нан аса бір реттік доза, олардың бағасы қара нарықта 11 миллион теңгеден асады", - деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта екеуі де қылмыстық жауапкершілікке тартылған, олардың біреуі қамауға алынды. Әйелдің балалары жақын туыстарына берілді. Ұсталғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети