ШҚО-да қаруланған бір топ адам тойға басып кірген

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да қаруланған бір топ адам тойға басып кірген Видеодан алынған кадр

Полиция мәліметінше, 1 қаңтар таңғы сағат 04.00 шамасында қарулы адамдар ШҚО Үржар ауылындағы мейрамханалардың бірінде өткен тойға басып кірген. Оқиға видеоға түсіп қалған. Ведомство өкілі зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда той үстінде қарулы екі адам атыс шығарғаны көрінеді. Ведомствода шабуыл дұшпандық қарым-қатынас салдарынан жасалғаны айтылды.

"Күдіктілер анықталды, бірі ұсталып, УҰИ-ға қамалды. Бұл дерекке қатысты ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деп мәлімдеді ШҚО ПД өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети