ШҚО-да мемлекетке 900 миллион теңге залал келтірген қылмыстық топ құрықталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да мемлекетке 900 миллион теңге залал келтірген қылмыстық топ құрықталды Видео кадры

Шығыс Қазақстан облысында мемлекетке 900 миллион теңге залал келтірген қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында мемлекетке 900 миллион теңге залал келтірген қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Агенттік мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департамент жалған компаниялар атынан келісім сомасының 2-ден 6 пайызына дейін ақы ала отырып, жалған есеп-қисап құжаттарын жасаған Москвина, Дайырбаев және Романов өкілдік еткен ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтаған.

"Мемлекетке келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 900 миллион теңгеден асады. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

2020 жылдың басынан бері "Стоп-Обнал" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ведомство жалған шот-фактураларды беру және заңсыз ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру бойынша қызмет көрсететін 105 әлеуетті топты анықтағаны айтылды.

Бүгінде топ мүшелеріне қатысты 490 соталды тергеу, оның ішінде 28 ұйымдасқан қылмыстық топ құру дерегі бойынша қозғалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети