25 сәуір 2016 | 11:46

ШҚО-да оқушы баланы өлтірді деген күдік оның сыныптас қызына түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Медет Маратов. © yk-news.kz Медет Маратов. © yk-news.kz

ШҚО полицейлері Прапорщиково ауылында 8 сынып оқушысының өліміне қатысты істің ашылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ШҚО полицейлері Прапорщиково ауылында 8 сынып оқушысының өліміне қатысты істің ашылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оның сыныптас қызы ұсталды, ол мойындады", - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев. - Істе кәмелет жасына толмағандар болғандықтан, істің мән-жайын біз айта алмаймыз. Тергеу шаралары жүріп жатыр".

Кісі өлтіру оқиғасы болған ауылдың тұрғындары жеткіншекке пышақ жарақаты салынбағанын, сонымен қатар, басына кірпішпен соққы жасалғанын да айтып отыр. Бірақ полициядағылар бұл мәліметті жоққа шығарды. Қыз тергеу барысында ата-анасының бақылауында болады. 

Еске салайық, 20 сәуір күні Прапорщиково ауылындағы сегізінші сынып оқушысы Медет Маратов үйіне оралмаған болатын. Келесі күні оның денесі табылды. Жантүршігерлік өлімнің мән-жайын анықтау мақсатында жедел тергеу тобы құрылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети