29 қараша 2021 12:42

ШҚО-да полиция қызметкері зорлық жасады деген күдікке ілінді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото: ©Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкері зорлық жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкері зорлық жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдікті - Риддердегі уақытша ұстау изоляторының бастығы. Бұл туралы Kozachkov offside Telegram-арнасы жазды. Дереккөздің айтуынша, полицейге жақында іздеу жарияланған.

"Қызметкер Қылмыстық кодекстің 120-бабында көзделген қылмысты жасады деген күдікпен іздестірілген және ол ұсталған. Ал 120-бап - "Зорлау". Арызды оның қарамағындағы қызметкер жазған. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс жасалған орын - сол Риддердегі уақытша ұстау изоляторы", - делінген жазба сипаттамасында.

Бұл жағдайға ШҚО Полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев пікір білдірді. Ол Facebook-парақшасында күдікті "құқық қорғау органдарының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылғаны, ал оның тікелей басшыларына, қалалық Полиция басқармасының бастығына дейін қызметінен босату туралы шешім қабылданғанын" жазды.

"Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Риддер ПБ қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, оның шеңберінде Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес ол уақытша ұстау изоляторына жабылды. Қылмыстық іс бойынша өзге де деректер Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды", - деп жазды Сағат Мәдиев.

Сондай-ақ, ол "жеке құрам арасындағы заңдылық пен қызметтік тәртіп мәселелері Ішкі істер органдарының қызметінде басым бағыттың бірі саналатынын" айтты.

"Өз қатарымызды тәртіп бұзушы қызметкерлерден тазарту үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Біздің ұстанымымыз қағидатты, кез келген заңбұзушылықтар қатаң түрде тоқтатылады, кінәлілерге жұмыстан босатуға дейінгі ең қатаң тәртіптік шаралар қолданылады", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 463.83   490.7   5.3 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети