ШҚО-да үйінде есірткі жасырған ауыл тұрғыны ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да үйінде есірткі жасырған ауыл тұрғыны ұсталды

ШҚО-да үйінде есірткі жасырған ауыл тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да үйінде есірткі жасырған ауыл тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпан айының ортасында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Бородулиха АПБ полиция қызметкерлері 38 жастағы жергілікті тұрғынның есірткіні заңсыз сақтау дерегін анықтады. Оның үйін тінту барысында өзіне тән иісі бар жасыл түсті ішінде өсімдік заты бар қағаз түйіншек табылып, тәркіленді.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, алынған зат 1,43 грамм болатын темекімен аралас кептірілген марихуана есірткі заты екендігі анықталды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі (Өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ол 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жазаға әкеп соғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети