ШҚО-да қос зейнеткерді қатыгездікпен өлтірді деген күдікті ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да қос зейнеткерді қатыгездікпен өлтірді деген күдікті ұсталды

Биылғы жылдың 25 қаңтарында ШҚО-да қос зейнеткерді қатыгездікпен өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биылғы жылдың 25 қаңтарында ШҚО-да қос зейнеткерді қатыгездікпен өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО Алтай ауданы Прибрежный кентінің тұрғындары көрші үйлердің бірінің өртенуінен оянған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалынды сөндіріп үйге кірген соң, қорқынышты көрініске куә болды.

Үйдің еденінен зорлық-зомбылықпен өлтірілген 83 жастағы әйел мен 74 жастағы ер адамның жартылай күйген мәйіттері жатты. Олардың денесінде көптеген пышақ жарақаттары болған. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тергеушілер 8 ай ішінде оқиғаның қалай болғанын толық зерттеді.

Қазан айында осы ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікті ұсталды.

"Зейнеткерлерді қатыгездікпен өлтірген 37 жастағы ер адам болып шықты. Ол зейнеткерлерді аяусыз өлтіргеннен кейін үйді қасақана өртеп, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір күдікті қамауда, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", - деді ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Сондай-ақ, полиция департаменті бұл аса ауыр қылмыс үшін күдіктіге, егер сот оны кінәлі деп таныса, 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін екенін атап өтті.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети