ШҚО-ның үш тұрғыны Қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлғаны үшін жазаланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Шығыс Қазақстан облысында Қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлған үш тұрғынға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысында Қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлған үш тұрғынға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметіне сүйенсек, Риддер орман шаруашылығы аумағындағы Разлеванка өзені маңында үш тұрғын жойылып кету қаупі бар өсімдіктерді жұлған.

"Сот Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинағаны үшін Риддер тұрғындарына қатысты айыптау үкімін шығарды. Жалпы алғанда сотталғандар Қызыл кітапқа енген өсімдіктің 250-ден аса данасын жұлып алған", - деді Риддер қаласының пробация қызметінің бастығы Альмира Майылханова.

Сотталғандардың айтуынша, олар пияз қосып салат жасамақ болған. Олар жұлған пияздың түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

ШҚО Риддер қалалық сотының үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігі 2-тармағы "Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдік түрлерімен алдын ала сөз байласу арқылы заңсыз айналысу" бойынша сотталды.

"Сотталғандарға үш жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, пробация қызметіне есепке қойылды. Қазіргі уақытта профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр және олар кейін пробация қызметінің бақылауында болады. Қайталап құқық бұзу дерегі болған жағдайда бас бостандығын шектеу жазасын неғұрлым қатаң жазаға ауыстыруға болады", - деді Майылханова.

Еске салайық, сәуірде Түркістан облысының тәртіп сақшылары Қызыл кітапқа енген алты қызғалдақты жұлған ер адамды ұстаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro