ШҚО тұрғыны қазақстандықтарды 10 миллион теңгеге алдаған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қарағанды облысында 18 қазақстандықты 10 миллион теңгеге алдап кеткен Өскемен тұрғыны ұсталды. Полиция қызметі қаңтарда Сәтбаев қаласының полиция бөліміне алаяқтардың құрбаны болған азаматтардан өтініш түскенін хабарлады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында 18 қазақстандықты 10 миллион теңгеге алдап кеткен Өскемен тұрғыны ұсталды. Полиция қызметі қаңтарда Сәтбаев қаласының полиция бөліміне алаяқтардың құрбаны болған азаматтардан өтініш түскенін хабарлады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйел адам мобильді қосымша арқылы жәбірленушілермен байланысып, оларға пайдалы бизнеске қаражат салуды ұсынған. Сонымен қатар, қаржыны қаншалықты ерте салса, соншалықты тез қайтаратынын айтып сендірген. Мысалы "бүгін он мың теңге берсе, ертең жиырма мың теңге таза пайда алады".

Алданғанын түсінген кезде азаматтар полицияға жүгінген. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша қылмыстық тергеу жүргізілді. Құқық қорғау органдары тергеу нәтижесінде көп ұзамай күдіктінің кім екенін анықтады. Ол Өскемен қаласының 24 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Әйел адамды криминалдық полиция қызметкерлері ұстады. Сотқа дейінгі тергеу барысында оның бір схемамен 18 алайықтық жасағаны анықталды. Оған Сәтбаевтың ғана емес, Нұр-Сұлтан тұрғындары да ілікті. Оның келтірген залалының жалпы сомасы 10 миллион теңге", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда іс жүзінде жоқ пәтерді жалға берген қыз ұсталған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro