ШҚО тұрғынынан қолдан жасалған қарулар табылды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО тұрғынынан қолдан жасалған қарулар табылды

Шығыс Қазақстан облысында қолдан тапанша мен мылтық жасаған ер адамнан ірі көлемде қару-жарақ тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 қыркүйекте полицейлер заңсыз қару сақтады деген күдікпен облыс тұрғынына тінту жүргізді.

"Нәтижесінде 56 жастағы ер адамның тұрғылықты жерінен, омартасынан 100-ден аса оқ-дәрі мен алты түрлі қару тәркіленді, оның ішінде 5,6 миллиметр патронмен атуға арналған қолдан жасалған тапанша, қолдан жасалған, калибрі 5,6 миллиметр мылтық, тіркелмеген 28 және 12 миллиметрлік екі ТОЗ-34 мылтығы, сондай-ақ қарудың әр түрлі компоненттері тәркіленді. Қамауға алынған адамның айтуынша, қарудың бір бөлігін қолөнер әдісімен үйде жасаған," - делінген хабарламада.

Күдікті сот шешімімен қамауға алынды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 287 және 288-баптарына ("Қаруды заңсыз сақтау" және "Заңсыз қару жасау") сай бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети