Шу ауданында тұрғын полицейді пышақтап кетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon 573 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Шу ауданында тұрғын учаскелік полиция инспекторына бірнеше пышақ жарақатын салды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шу ауданында тұрғын учаскелік полиция инспекторына бірнеше пышақ жарақатын салды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

8 маусымда сағат шамамен 22.50-де Шу ауданының 37 жастағы тұрғынынан Шу аудандық полиция бөліміне шақырту түскен. Әйел азаматтық некедегі күйеуімен арасында жанжал болғанын хабарлаған.

Шақырту бойынша оқиға орнына барған учаскелік полиция инспекторына 27 жастағы ер адам бірнеше рет пышақ сұғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция қызметкері Шу қалалық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

"Дерек бойынша "Сирена-1", "Тосқауыл" жоспарлары жарияланып, іздестіру жұмыстарына Полиция департаменті және Шу, Қордай, Мойынқұм, Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамы жұмылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ізін суытпай Шу ауданының Алға ауылынан ұсталды. Оның жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды. Ер адам Шу аудандық уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деді Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов Facebook-парақшасында.

ҚР ҚК-ның 380-1-бабы, 1-бөлігі "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

10°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro