Шу тұрғындарының көлігінен 100 келіге жуық марихуана табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шу тұрғындарының көлігінен 100 келіге жуық марихуана табылды © Хабар 24

Шу тұрғындарының көлігінен 100 келіге жуық марихуана табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шу тұрғындарының көлігінен 100 келіге жуық марихуана табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

"Қарасора-2021" және "Канал" республикалық жедел алдын алу іс-шаралары барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері Шу-Меркі автожолында Audi көлігін тоқтатты.

"Шу қаласының тұрғындары 35 жастағы жүргізуші мен 46 жастағы жолаушыны және көлікті тексеру кезінде жүк салғыштан төрт қап табылды, оның ішінен жалпы салмағы 96 келі 900 грамм "кептірілген марихуана" есірткі заты анықталды", - деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Асқар Жұмабеков.

ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Аталған қылмыс үшін мүлік тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ұсталғандар кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети