Шығыс Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында 32 жастағы ер адамға қатысты сот басталды, ол 18 жастағы Мөлдір Оспанованы зорлады деп айыпталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Зорланған қыз өз-өзіне қол салған.

Оқиға Аягөз қаласында 2015 жылдың шілдесінде болған, бұл кезде медициналық колледждің 18 жастағы студенті Мөлдір Оспанова туыстарының үйіне қонақ болып келген. Кештердің бірінде қыз құрбысымен бірге көшеге шығады, ал келесі күнгі таңда ол қорада асылған күйі табылған. Ол ұялы телефонында зорланғанын жазған.
Қыздың туыстары марқұмның жаппай зорланғанына сенімді. "Бұл жігіттерді келесі күні-ақ ұстады. Үшеу болды. Олар Мөлдір мен оның құрбысын көлігіне отырғызып алып, алып кеткен. Кейін зорлаған. Бірақ неге екені белгісіз, бір ғана адамды соттап жатыр", - дейді марқұмның әпкесі Бақыт Оспанова. Сонымен қатар, ол қыздың өлтірілгенін, сөйтіп, қасақана суицид жағдайын жасаған, дейді. Екінші қыз болса куәгер ретінде сотта сөз сөйледі.
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, сот процессі "іске қатысты тараптардың жеке мәліметтерін жария етпеу мақсатында" жабық түрде өтіп жатыр.
Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігінің 3-пункті бойынша айыпталып отырған ер адам 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.