15 қараша 2016 | 11:56

Шығыс Қазақстанда 8 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Korrespondent.net © Korrespondent.net

Шығыс Қазақстан облысында 8 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысында 8 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО ІІД баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, 6 қараша күні Серебрянск қаласында қылмыс орнында кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық көрсеткен болуы мүмкін жергілікті тұрғын ұсталды.

Ал Alvatv.kz сайтының мәліметінше, ер адамды елсіз жерде қыздың жан даусын естіген кездейсоқ куәгерлер ұстаған көрінеді. 8 жастағы зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді. 

"Қазір 30 жастағы ер адам қамауға алынды", - деп нақтылады ведомство өкілдері. Соталды тергеу шаралары мен қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр. 

Еске салайық, осыған ұқсас тағы бір оқиға таяуда Зырянда болған еді. Кәмелетке толмаған қызға сексуалды сипаттағы зорлық көрсетіп, өз қылмысын жасыру үшін оны өлтірген деген күдікпен 25 жастағы жергілікті тұрғын ұсталған болатын. Мектептен оралмаған 8 жастағы Вика Тойкенованың денесі қараусыз қалған үйдің еденінен табылған. Күдікті кінәсін мойындап отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети