15 шілде 2015 | 11:39

Шығыс Қазақстанда аудан әкімінің өлімі дерегі бойынша сараптамалар тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім ауданының әкімі Алтайбек Сейітовтің өліміне қатысты бірқатар сараптама тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім ауданының әкімі Алтайбек Сейітовтің өліміне қатысты бірқатар сараптама тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жедел тергеу тобы құрылды. Облыстық және Күршім аудандық ІІД қызметкерлерінен құралған топ оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Зиян келуінің сипаттамасы тексеріліп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды", - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша, өлі күйінде табылған әкімнің денесінде зорлық белгілері бар. Оның аяғы зақымданған, денесінде ісіктер бар.

Еске сала кетейік, 14 шілдеде әкім өлі күйінде өз үйінен түскі уақытта табылғаны хабарланған болатын. Алтайбек Сейітовтің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, 14 шілдеде Ақмола облысындағы Белағаш ауылдық округінің әкімі де өлтірілді. 1982 жылғы азаматшаға ер адам әкімдік ғимаратында пышақ салған.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети