Шығыс Қазақстан облысында өзімен бірге карта ойнап отырған досының айласын байқап қалған ер адам оны қылғындырып өлтірді, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Шығыс Қазақстан облысында өзімен бірге карта ойнап отырған досының айласын байқап қалған ер адам оны қылғындырып өлтірді, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Басылымның мәліметінше, Жезкент ауылының тұрғыны үш танысына хабарласып, біреуінің пәтерінде ақшаға карта ойнау туралы шешімге келеді. Құмар ойынға кіріскен олар ішімдік іше бастайды. Қарсыласының бір картаны жасырып қалғанын көрген үй иесі оны есінен танғанша сабайды. Тұра жүгірген ол танысының ес-түссіз жатқанына қарамастан оны тұншықтырып өлтірген. Қылмыскер өлген адамның денесін үйінен бес метр жерге тастайды. Қылмыстың куәгері болған екі адам құқық қорғау органдарына хабар бермепті.
Сот сараптамасы ер адамның ешқандай құралсыз өлтірілгенін анықтады. ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соттың шешімімен қылмыскер 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. Ал қылмысты жасырған екеуі бір жылға сотталды.