01 желтоқсан 2018 12:27

Шығыс Қазақстанда жүк пойыздарын тонаумен айналысқандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Шығыс Қазақстанда жүк пойыздарын тонап келген ұрылар ұсталды, - деп хабарлады КТК.


Шығыс Қазақстанда жүк пойыздарын тонап келген ұрылар ұсталды, - деп хабарлады КТК.

Телеарнаның мәліметінше, қылмыстық топ Қытайдан тиеліп шыққан вагондардан түрлі тауарды үптеп отырған. Болжам бойынша, баукеспелер келтірген шығын жүздеген миллион теңгеден асады.

"Қаскөйлер ұрлыққа тыңғылықты дайындалған. Яғни, пойыз қашан өтеді, қай вагонда қандай жүк барын білген. Кейін Ақтоғай, Торпалды, Узловая бекеттерінде арам ойларын іске асырып отырған", - деді көліктегі полиция департаментінің басқарма басшысы Дәулет Мақсұтов.

Яғни, отарба осы станцияларға тоқтаған кезде, ұрылар ондағы түрлі тауарды өздерінің жүк көліктеріне тиеп алып, оп-оңай әкетіп отырған. Ал, қолды болған заттарды Алматы, Қарағанды облыстары мен Астана қаласындағы өздерінің сенімді клиенттеріне сатып келіпті. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Көліктегі полиция департаменті жүргізген құрықтау операциясы кезінде, бас-аяғы 10 адам ұсталды. Сөйтсе ұры алыстан келмеген екен. Барлығы теміржол вокзалдарының жұмысшылары мен әскерилендірілген күзет қызметкерлері болып шықты.

"Бізде жауапсыз жұмысшылар барын мойындаймыз. Кейбірінің теміржолдағы ұрлыққа қатысы бар. Оларды анықтап, жазалау үшін құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ, жүк пойыздарын бақылауды күшейтеміз", - деді "Әскерилендірілген темір жол күзеті" АҚ директорының орынбасары Жәнібек Нұрсейітов.

Дереккөз: КТК.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети