15 қаңтар 2015 | 17:07

Шығыс Қазақстанда жүргізуші бір тонна заңсыз балықпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©drive2.ru ©drive2.ru

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер бір тонна заңсыз шортан балықты тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер бір тонна заңсыз шортан балықты тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Таяуда Тарбағатай ауданында жүргізілген рейд шаралары кезінде Ақжар полиция бөлімінің қызметкерлері УАЗ-3303 маркалы автокөлікті тоқтатты. Алматы қаласы Алмалы ауданының 30 жастағы тұрғыны айдап келе жатқан УАЗ көлігін тексеру кезінде 1 тоннадан астам шортан балық табылды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Полицейлердің айтуынша, автокөлік Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылынан Алматы облысы бағытында жүріп келе жатқан. Жүргізушінің балық тасымалына рұқсат ететін құжаты болмады. Ұсталғандардың айтуынша, балықты оған туыстары салып берген. Ол балықты жеке мақсатымен әкетіп бара жатқанын мәлімдеген.

Қазіргі уақытта тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысында процессуалдық шешім қабылданады. Бұл дерек ҚР ҚК 335-бабының 1-тармағымен ("Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау") ретінде тіркелді.Тәркіленген балық мұздату камерасына жеткізілді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети