29 қыркүйек 2015 | 10:31

Шығыс Қазақстанда полицейлер оқ-дәрілерді сатқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© daum.net © daum.net

Риддер полицейлері оқ-дәрілерді ұрлап, сатқаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Риддер полицейлері оқ-дәрілерді ұрлап, сатқаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айыпталушы орындығында Риддер ІІБ кезекші бөлімінің басшысы Ш.Түсіпов пен оның көмекшісі Д.Кәрібаев отырды. Айыптаушы тараптың нұсқасы бойынша, Түсіпов оқтарды қабылдау, есепке алу және сақтауға жауапты болған. "Түсіпов ату тәжірибелік сабақтарына келмеген ІІБ қызметкерлері үшін тарату-тапсыру тізімдемесіне қол қойған. Тізімдемеге негізделіп кезекші бөлімнің басшысы оқтарды есептен шығару бойынша акт жасаған. Биыл наурызда Кәрібаев бір азаматпен кездесіп, 300 оқты 40 000 теңгеге ұсынған. ҰҚКД қызметкерлері мен ІІД қауіпсіздік қызметінің мамандары бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында Кәрібаев 9 миллиметрлік 297 дана оқты өткізіп жатқанда ұсталды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлер оқ-дәрілерді ұрлады және жеке тұлғаларға заңсыз сатты, сонымен қатар, қызмет бабында жалған құжат жасады деп айыпталды. Сөйтіп, Түсіпов алты жылға, ал көмекшісі жеті жылға сотталды. Сонымен қатар, олардың мүлкі тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети