Оңтүстікқазақстандық полицейлер Шымкент қаласының аумағында пәтер тонады деген үш күдіктіні Алматы қаласында құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оңтүстікқазақстандық полицейлер Шымкент қаласының аумағында пәтер тонады деген үш күдіктіні Алматы қаласында құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Осы жылдың басынан бері Шымкент ҚІІБ Еңбекші полиция бөліміне облыс орталығының оннан астам тұрғыны пәтер ұрлығы жайты бойынша арызданған. Жәбірленушілер полиция қызметкерлеріне олардың пәтеріне белгісіз біреулердің сыртқы есіктің құлпын бұзып кіріп, қымбат бағалы техника мен зергерлік бұйымдарын және басқа да бағалы заттар мен ақшаларын ұрлаған", - делінген баспасөз хабарламасында.
27 жастағы азамат 2015 жылдың 20 қаңтарында полицияға арызданды. Оның айтуынша, белгісіздер Шымкент қаласы 18 мөлтекауданында орналасқан пәтерінің сыртқы есігінің құлпын бұзу арқылы ішке кіріп, қымбат бағалы ноутбук, ойын аппараты, алтын жүзік және ақшасын қолды етіп, жәберленушіге жалпы құны бір миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Тәртіп сақшылары Алматы қаласында пәтер ұрлығына қатысты күдіктілердің ізіне түсіп, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында үш күдікті азаматты құрықтады. Олар 1982, 1993 және 1996 жылы туылған Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт және Ордабасы аудандарының тұрғындары болып шықты.
Полицейлердің анықтауы бойынша, күдіктілер өздерінің құйтырқы әрекеттерін бір сызбамен іске асырып отырған. Күндізгі уақытта пәтер иелерінің үйде болмағанын пайдаланған күдіктілер қолындағы құралдарымен сыртқы есіктің құлпын бұзу арқылы ішке кіріп, жәбірленуші азаматтардың үйіндегі барлық бағалы заттарын, ақшаларын, техника және алтын бұйымдарын ұрлап кетіп отырған. Сонымен қатар, полицейлердің мәліметінше, күдікті азаматтар ұрланған заттарды сатып, одан түскен қаражатты өз қажеттеріне жаратқан.
Мұнымен қатар, бұл күдіктілердің тағы да 18 пәтер ұрлығына қатысты бар екені тергеу барысында анықталды. Олар жәбірленушілерге шамамен 10 миллион теңге көлемінде шығын келтірген. Айғақ зат ретінде жәбірленушілерден ұрланған бағалы заттардың бір бөлігі тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды. Осы дерекке байланысты, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы ("Тонау") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.