Шымкент ПД баспасөз хатшысына қатысты соталды тергеу тоқтатылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: facebook.com/moldyr.bekeeva Фото: facebook.com/moldyr.bekeeva

Өзіне қол жұмсамақ болған Шымкент полициясының баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваға қатысты соталды тергеу тоқтатылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Өзіне қол жұмсамақ болған Шымкент полициясының баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваға қатысты соталды тергеу тоқтатылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мөлдір Бекееваға Шымкент қалалық ПД жедел басқару орталығы қызметкерін балағаттап, дауыс көтерді деген айып тағылған. Оның үстінен "Билік өкілін қорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Алайда қазір полиция бұл іс дұрыс сараланбағанын мойындаған. Айта кетейік, Мөлдір Бекеева осы қылмыстық істен кейін өзіне қол жұмсамақ болғаны айтылған еді.

"Соталды тергеп-тексеру барысында ЖБО қызметкері мен оның басшысы арасындағы жанжал Қылмыстық кодекстің 131-бабы "Қорлау" бойынша екені анықталды. Осыған байланысты соталды тергеу тоқтатылды. ЖБО қызметкеріне азаматтық тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар екені туралы түсініктеме берілді", - деді Шымкент полициясы өкілдері.

Сондай-ақ, өзіне қол жұмсауға әрекеттену дерегі бойынша тағы бір қылмыстық іс сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілгені атап өтілді.

"Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі басшысының өзіне қол жұмсау дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру материалдарын Қаратау аудандық полиция бөлімі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жіберді", - деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева өзіне қол жұмсамақ болғаны хабарланған болатын. 5 сәуірде Мөлдір Бекеева Facebook-парақшасында қоштасу жазбасын қалдырған. Жазбада ол мұндай қадамға қалалық ПД басшылығының қысымы итермелегенін айтқан. 

Дәрігерлер Шымкенттегі ПД баспасөз хатшысының жағдайын айтты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer