Шымкент ПД баспасөз хатшысының өзіне қол жұмсау әрекеті: полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент ПД баспасөз хатшысының өзіне қол жұмсау әрекеті: полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды Фото: facebook.com/moldyr.bekeeva

Баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның өзіне қол жұмсамақ болған әрекетінен кейін Шымкент қалалық ПД қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Tengrinews.kz ресми сауалына Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет берген жауапта айтылған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның өзіне қол жұмсамақ болған әрекетінен кейін Шымкент қалалық ПД қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Tengrinews.kz ресми сауалына Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет берген жауапта айтылған.

Ведомство мәліметінше, олар бұл соталды тергеу мәліметін жария ете алмайды. Бұл тек прокурордың рұқсатымен жасалады. Деректер тергеу мүддесіне қайшы келмесе және басқа тұлғалардың құқығы мен заңды мүддесін бұзуға қатысты болмаса, жария етілуі мүмкін екені айтылған.

"Сұралған ақпарат соталды тергеп-тексеру деректеріне қатысты және оны жария етуге прокурордың рұқсаты жоқ. Мөлдір Бекееваны өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу дерегі бойынша басталған Шымкент ПД қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша мәліметті ұсыну мүмкін емес.

Осы жауапқа келіспеген жағдайда, прокуратураға немесе сотқа жүгінуге құқығыңыз бар", - делінген Шымкент бойынша Антикор басшысының орынбасары Д.Қожабаевтың қолы қойылған жауапта.

Бұған дейін Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева өзіне қол жұмсамақ болғаны хабарланған болатын. 5 сәуірде Мөлдір Бекеева Facebook-парақшасында қоштасу жазбасын қалдырған. Жазбада ол мұндай қадамға қалалық ПД басшылығының қысымы итермелегенін айтқан. Кейін Мөлдір Бекееваға қатысты соталды тергеу тоқтатылғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети