Шымкент полициясының баспасөз хатшысы өзіне қол жұмсамақ болған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:facebook.com/moldyr.bekeeva Фото:facebook.com/moldyr.bekeeva

Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева өзіне қол жұмсамақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева өзіне қол жұмсамақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 сәуірде Мөлдір Бекеева Facebook-парақшасында қоштасу жазбасын қалдырған. Жазбада ол мұндай қадамға қалалық ПД басшылығының қысымы итермелегенін айтқан. Оның айтуынша, оған Шымкент қалалық ПД-ның жаңа басшысы Қайрат Дәлбеков журналистерді "тамақтандыруды" ұсынған көрінеді. Бекееваның айтуынша, бұдан бас тартқаннан кейін оның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Ол бұлай өмір сүре алмайтынын айтып, отбасымен, достарымен және әріптестерімен қоштасқан.

Кейін бұл жағдайға қатысты Шымкент қалалық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, Мөлдір Бекееваға қатысты соталды тергеу Қылмыстық кодекстің 378-бабы "Билік өкілін қорлау" бойынша жүргізіліп жатыр.

"Наурыздың аяғында Youtube-те Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы (Мөлдір Бекеева - еск.) полиция қызметкеріне балағат сөздер айтты деген жазба пайда болды. Осыған байланысты Шымкент қалалық ПД басшысы ішкі тексеріс тағайындады. Нәтижесінде, Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері баспасөз қызметі басшысымен әңгімесін жазып алған полицейді анықтады. Қызметкер қарт ата-анасының жалғыз асыраушысы болғандықтан, жұмысын сақтап қалу үшін былтыр желтоқсанда осы әңгімені жазып алғанын түсіндірді. 

Штабтың Жедел басқару орталығының офицері және маманы бола тұра, ол бұрынғы ПД басшысының бұйрығы бойынша баспасөз хатшысының қолбасшылығына жіберілген. Ал ол (баспасөз хатшысы - еск.) өз кезегінде, оны күнде келеңсіздікке ұшыратып, балағаттап, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлаған. Бұл ретте Бекеева оны жұмыстан шығарамыз деп қорқытқан. Кейін ол бұл жазбаны WhatsApp желісінде бөліскен, ал өзі моральдық және психологиялық қысымға төтеп бере алмай, ауруханаға түсті", - делінген Өзіндік қауіпсіздік басқармасы хабарламасында.

Бұл полицейдің сөзін баспасөз қызметі мен кадр жұмысы, сондай-ақ бес жүргізуші қолдап, растағаны атап өтілді. Олардың бәрі Бекеева ПД баспасөз қызметін басқарған 10 ай ішінде жұмыс істегені белгілі болды.

"Содан кейін Жедел басқару орталығының қызметкері қылмыстық іс қозғау туралы хаттама толтырды. Оның хабарламасы ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы "Билік өкілін қорлау" бойынша тіркелді. Өтініш бойынша соталды тергеуді анықтау бөлімі жүргізеді. Ал Қаратау аудандық полиция бөлімінде өзіне қол жұмсау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша соталы тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қазір Мөлдір Бекеева ауруханада жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro