Шымкент тұрғындары балаларды азғындық жолға итермеледі делінген 83 жастағы қартты ұстауға полицейлерге көмектесті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. Балаларды азғындық жолға түсіруге ҚР Қылмыстық кодексінде бас бостандығынан 15 жылға айыру түріндегі жазасы қарастырылған.

Хабарламада күдіктіні үй тұрғындарының видеоға түсіріп алғаны айтылған. Жазбада егде жастағы ер адам кішкентай қызды өзінің шалбарының бауын ұстатқаны көрінген. Мұны көрген тұрғындар көшеге жүгіріп шығып, ер адамды қоршауға алады. Олар полицияны шақырған. "Күдікті 1932 жылы дүниеге келген, Шымкент тұрғыны. Денсаулығына байланысты ауруханаға жеткізілді. Ер адамның қан қысымы көтеріліп кетті", - деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қарагөзова.
Осы дерекке байланысты ҚР ҚК 124-бабы бойынша ("Балаларды азғындық жолға итермелеу") бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Наразы тұрғындардың айтуынша, олар осымен бір жарым жыл бойы балаларын егде жастағы адамнан қорғай алмай жүр. Оның осы ауладағы балаларға өзінің дене бөлшектерін көрсеткісі келгені айтылады. Айта кетейік, осыған дейін Алматыда 1963 жылғы ер адам балаларды азғындық жолға итермелегені үшін ұсталған болатын. Сот оны қамауға алу туралы шешім шығарды. Қылмыс үй кіреберісіндегі бейнебақылау камерасына жазылып қалған.