07 сәуір 2015 | 19:37

Шымкент тұрғыны 11 жыл бойы алаяқтық жолмен жәрдемақы алып келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Шымкент тұрғыны асыраушысының қайтыс болуына байланысты 14 жыл бойы заңсыз жәрдемақы алып келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкент тұрғыны асыраушысының қайтыс болуына байланысты 14 жыл бойы заңсыз жәрдемақы алып келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйел адам 2001 жылы 24 қаңтарда өз ұлының енесінің қамқорлығына берілгенін біле тұра, Алматы қаласы, Бостандық ауданы бойынша "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына барып, асыраушысының қайтыс болуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы рәсімдеуге өтініш жазған. Баспасөз өкілдерінің айтуынша, 1 қаңтар 2001 жылы оған мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып, оның шотына 3488 теңгеден жәрдемақы түсіп отырған. Бірақ бұл сома өсіп отырған. 

Бұдан кейін тұрғын өтініші бойынша 2008 жылы 4 желтоқсанда мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы іс құжаттар Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының Әл-Фараби ауданы бойынша операциялық бөліміне ауыстырылып, ол әрі қарай жәрдем ақыны Шымкент қаласының зейнетақы қорынан алып отырған. Сонымен, азаматша 2001 жылдың 31 қаңтарынан 2012 жылдың 31 шілдесіне дейін алаяқтық жолмен жалпы көлемі 917 693 теңге жәрдемақы алып, оны өзінің бас пайдасына жаратқан. 

"10 наурыз 2015 жылғы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сотталушы К. Еримбетова Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы бабымен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабын қолданып, тағайындалған жаза шартты деп есептелген", - делінген баспасөз хабарламасында. Үкім заңды күшіне енді.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети