13 қазан 2014 | 12:25

Шымкент тұрғыны бастығын өлтіруге тапсырыс берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Шымкент тұрғыны бастығын өлтіруге тапсырыс беруді ойластырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД криминалдық полиция бастығы Кенжебек Оңдасыновқа сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкент тұрғыны бастығын өлтіруге тапсырыс беруді ойластырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД криминалдық полиция бастығы Кенжебек Оңдасыновқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Шымкенттегі ірі акционерлік қоғамның директоры бөлім бастығының "жолына кедергі" болған. Арадағы жеккөрініштер бөлім бастығын киллер іздестіруге итермелейді. "Бізге қыркүйек айында біреу киллер іздестіріп жүр деген ақпарат келіп түсті. Қызметкерлеріміз тапсырыс берушіні іздестіруге кірісті. Кейін біздің қызметкеріміз киллер болып хабарласты", - дейді Оңдасынов.

Жалған киллер тапсырыс берушімен кездеседі. 47 жастағы ер адам өз басшысының көзін жою керектігін айтқан. Бұл тапсырма үшін ол 20 мың доллар беруге дайын болды. Тапсырыс беруші алдын ала төлем ретінде "киллерге" 5 мың доллар берген. Оңтүстік Қазақстан облысы криминалдық полиция қызметкерлері кісі өлтіру тапсырмасын орындаған кейіп танытады. Директорға бірнеше жерден "пышақ салынған" болады. Тапсырыс берушіге оқиға орнынан түсірілген фотосуреттер дәлел ретінде көрсетіледі, содан кейін барып ол уәде етілген соманың қалған бөлігін төлейді. Сол сәтте ол қамауға алынды.

Басшысын өлтіруге тапсырыс берген адамның үстінен ҚР ҚК 24-96-бабы - "Кісі өлтіруге қастандық жасау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети