05 желтоқсан 2016 | 11:27

Шымкент тұрғыны қызына ұнау үшін полицейдің киімін киіп алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ОҚО ІІД баспасөз қызметі © ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Шымкент тұрғыны қызға ұнау үшін полицейдің киімін киген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкент тұрғыны қызға ұнау үшін полицейдің киімін киген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2 желтоқсанда Шымкент қалалық ІІБ Абай полиция бөлімінің кезекті бөліміне Гагарин көшесіндегі кафелердің бірінде полицейдің формасын киіп алған күмәнді ер адамның отырғаны туралы хабар келіп түскен.

Жедел-тергеу тобының оқиға орнына келген қызметкерлері Шымкент қаласының 1975 жылғы жұмыссыз азаматын ұстаған. Ол полиция майорының формасын киіп алған екен. 

"Тәртіп сақшылары 41 жастағы ер адамның осылайша сүйіктісіне ұнағысы келгенін анықтаған. Ер адам құқық қорғау органдарында қызмет ететінін айтқан. Күмәнді ер адам туралы хабарды полицияға күзетші берген. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ер адам Шымкенттің ІІБ Абай полиция бөліміне жеткізілді", - деп хабарлады ОҚО ІІД өкілдері.

Бұл дерек ІІБ Абай аудандық полиция бөлімінің соталды тергеулердің бірыңғай реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 390-бабы ("Билік өкiлiнiң немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетiмен иемденіп алу") бойынша тіркелген. Е адам жүз айлық есептік көрсеткіш сомасында айыппұл арқалауы немесе бес тәулікке қамалуы немесе қоғамдық жұмыстарна тартылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Соталды тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети