Шымкентте 17 пәтерді тонаған ұрылар ұсталды

Шымкентте 17 пәтерді тонаған ұрылар ұсталды Фото: Polisia.kz

Шымкентте жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары 17 пәтер ұрлығына қатысы бар екі күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары 17 пәтер ұрлығына қатысы бар екі күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Портал мәліметінше, барлық жағдайда да күдіктілер бірдей әрекет еткен. Олар көбіне домофондары дұрыс істемейтін көпқабатты үйлерде ұрлық жасаған. Пәтер есігін қағып, үйде адамның бар-жоғын тексерген. Ешкім жауап бермеген жағдайда, есікті кілт таңдау арқылы ашқан. Үйдегі компьютер, телефон, ноутбук, құлаққап, әшекей бұйымдарды ұрлап еткен.

"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Іс бойынша жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде екі күдікті анықталып, ұсталды. Оларға қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бүгінде қылмыстық іс прокуратураға жолданды", - деді тергеуші Әлібек Кемелбек.

Екі күдікті бұған дейін де ұрлық үшін сотталған. Түрмеде танысып, бостандыққа шыққан соң істерін жалғастырған. Олар жасаған қылмыстарын мойындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети