20 жыл бұрын кісі өлтіргендер Қазақ КСР заңымен сотталды, - деп хабарлайды "Отырар".
20 жыл бұрын кісі өлтіргендер Қазақ КСР заңымен сотталды, - деп хабарлайды "Отырар".
43 және 46 жастағы ағайындылар 1995-1996 жылдың Жаңа жыл түнінде кісі өлтірді деп айыпталып отыр. Оларға қатысты сол уақыттардағы заңнама, яғни Қазақ КСР-ның 1996 жылғы қылмыстық процессуалдық кодексі бойынша үкім шығарылды. Сол уақытта екі ер адам көрші тұратын ер адаммен жанжалдасып қалып, ұрып өлтірген.
Тергеу материалдарына қарағанда, күдіктілер қылмысты жасағаннан кейін бастапқыда Өзбекстанда, кейін Ресейде жасырынған. Олар Ресейде осы жылдың басында куәліктерін қайта рәсімдеуге келгенде ұсталды. Интерполдың іздестіруі бойынша ер адамдарға іздеу Қазақстанда жарияланған. Ресейде олар шекараны заңсыз кесіп өткені үшін сотталып, Қазақстанға жер аударылды.
Порталдың мәліметінше, істің барлық жағдайын қарастыра келе прокурор "қасақана кісі өлтіру" түріндегі айыпты "адам өліміне әкеліп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіру" түріне ауыстырған. Нәтижесінде екі ер адам алты жылдан бас бостандықтарынан айырылды. Алайда үкім әзірше заңды күшіне енген жоқ. Сонымен қатар, қаза болғанның анасының оларды кешіргені хабарланып отыр.