27 мамыр 2016 | 12:37

Шымкентте 44 жастағы ер адам қызғаныштан әйелін балталап өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Сhto-proishodit.ru © Сhto-proishodit.ru

Шымкентте ер адам қызғаныштан әйелін балталап өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте ер адам қызғаныштан әйелін балталап өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент полицейлері өз әйелін өлтірді деген күдікпен 44 жастағы ер адамды ұстады. ІІД мәліметінше, 26 мамыр күні Абай аудандық ІІБ полиция бөлімшесіне Қазығұрт ықшамауданындағы үйлердің бірінен денесінде зорлық белгілері бар әйел адамның мәйіті табылғаны туралы хабар келіп түседі.

Оқиға орнына жеткен полицейлер 44 жастағы әйелдің басынан алған бірнеше ауыр жарақат салдарынан қайтыс болғанын анықтады.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғынды, әйелдің күйеуін ұстады. Тергеу амалдары барысында 44 жастағы ер адамның үйдегі жанжал кезінде әйелін қызғанып, басынан бірнеше рет балтамен ұрғаны анықталды. Содан кейін ол оқиға болған жерден қашып кеткен", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Қазір ер адамның үстінен "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети