09 ақпан 2017 | 12:05

Шымкентте 57 жастағы азаматты бопсалап, 100 мың доллар талап еткен қыз ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© RT © RT

Оңтүстік Қазақстан облысында 57 жастағы ер адамды әлеуметтік желіге әшкерлейтін материалдар жариялаймын деп қорқытып, ірі көлемде ақша бопсалаған қыз ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Қазақстан облысында 57 жастағы ер адамды әлеуметтік желіге әшкерлейтін материалдар жариялаймын деп қорқытып, ірі көлемде ақша бопсалаған қыз ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметі бойынша 2016 жылдың қазанында ер адам құқық қорғау органдарына шағымданған. Оның айтуынша, қыз одан 100 мың доллар талап еткен. Полицейлер қызды ақша алып жатқан жерінде ұстады. 

"Аталған дерек ҚР ҚК-нің 194-бабы "Ақша бопсалау" бойынша СДТБТ-ға тіркелді. 1987 жылы туған Шымкент тұрғыны ұсталды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - дейді полицейлер. 

Соныме қатар 2016 жылдың соңында Сарығаштың АІІБ-ге танысының интернетке жеке басына қатысты суреттерді орналастырамын деп 800 мың теңге бопсалап жүргеніне қатысты 26 жастағы қыз шағымданған. Жедел-іздеу шаралары барысында 1983 жылы туған жергілікті тұрғын ұсталды. Дәлел ретінде күдіктіден ақша мен суреттер тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Жалпы 2016 жыл басынан ОҚО-да әлеуметтік желі арқылы ақша бопсалау бойынша 5 іс ашылған.

Осыған байланысты полицейлер бопсалаушылар қолынан зардап шекпеу үшін тұрғындарды көшеде немесе әлеуметтік желілерде танысқан уақытта абай болуға шақырды. Мұндай жағдайлардан зардап шеккен немесе куәсі болған азаматтарды "102" телефоны бойынша хабарласуын сұрайды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети