Шымкентте 657 миллион теңге салық төлеуден жалтарған кәсіпкер сотталды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте 657 миллион теңге салық төлеуден жалтарған кәсіпкер сотталды Видеодан алынған кадр

Шымкент кәсіпорындарының бірінің директоры 657 миллион теңгеден аса сома көлемінде салық төлеуден жалтарғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент кәсіпорындарының бірінің директоры 657 миллион теңгеден аса сома көлемінде салық төлеуден жалтарғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, А.Сазонов "Nuclear Engineering" ЖШС басшысы бола тұра, 2017-2019 жылдар аралығында салық декларацияларына кірістер мен шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізген.

"Сонымен қатар, ол салық салудың басқа объектілерін жасырып, сот жарамсыз деп таныған 11 компаниямен өзара есеп айырысу туралы жалған шот-фактураларды пайдаланған. Нәтижесінде, мемлекетке 657 миллион теңгеден аса мөлшерде төленбеген салық түрінде залал келтірген", - делінген агенттік мәліметінде.

Ол сотталды, сондай-ақ, одан залал сомасы өндіріліп алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course up  601  course up  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети