Шымкентте Абай ауылындағы баланың ісі бойынша сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте Абай ауылындағы баланың ісі бойынша сот үкімі шықты © aifudm.net

Шымкентте Абай ауылындағы 7 жасар баланы зорлау ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте Абай ауылындағы 7 жасар баланы зорлау ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сот үкіміне сәйкес, 2002 жылғы кәмелетке толмаған бала 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейлі мекемеде (жалпы режимдегі колония - авт. түсіндірмесі) өтейтін болады. 

Түркістан облысы Абай ауылында 7 жасар баланы зорлау дерегі бойынша сот ісі Шымкентте қыркүйектің соңында басталған еді. Оқушының зорланғаны туралы мәліметтері былтыр наурызда Желіде пайда болды. Осы іс бойынша бірнеше жоғарғы сынып оқушылары күдікті ретінде өтті. Бірнеше елдің сарапшылары 14 зерттеу өткізіп, тек бес айдан соң ғана зорлау дерегі болғанын анықтады. Сот алдына 2002 жылғы кәмелетке толмаған бала келді. 

Айыпталушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі бойынша жүргізілді. Сотқа 12 алқаби қатысқаны белгілі болды. Сот процесі жабық түрде өтті. Басында іс бойынша төрт күдікті болған, алайда оның үшеуіне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды, себебі олардың жасы сол кезде 14-ке толмаған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети